прпрп2012 жылдың 25 мамыр күні сағат 11.00-де Талдықорған қаласының әкімі Ермек Амантайұлы Алпысов ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жарысқа қатысқан спортшыларды қабылдады.Әлем Чемпионы – Берсанов Ибрагим. Әлем чемпионының қола жүлдегері- Горичева Карина. Әкімнің қабылдауына қала әкімінің орынбасары Ғ.Т.Сарыбаев., қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының орынбасары А.П.Ким., жаттықтырушысы Берсанов А.Х., БАҚ-ның мүшелері қатысты. прпрпҚабылдауға Америка Құрама Штаттында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпазы И.А.Берсанов пен қола жүлдегер К.Горичеваны және жаттықтырушысы А.Х.Берсанов Талдықорған қаласының әкімі Е.А.Алпысовтың қабылдауында болды. прпрпҚала әкімі Е.А.Алпысов спортшыларға алғысын білдіріп, оқу-жаттығу жұмыстарын, алдыға қойылған жұмыс жоспарына қызыға қарады. Әлем Чемпионын дайындағн А.Х.Берсановқа құрмет грамотасын, спортшыларған бағалы сыйлықтар табыстады.
прпрп25 мая 2012 года в 11 часов аким города Талдыкоргана Алпысов Ермек Амантаевич поздравил спортсменов-тяжелоатлетов, успешно выступивших на Чемпионате мира среди спортсменов до 20 лет в Гватемале, где наши талдыкорганцы заняли призовые места. Ибрагим Берсанов стал Чемпионом мира, а Горичева Карина - бронзовым призером.
прпрпНа приеме присутствовали заместитель акима города Сарыбаев Г.Т., заместитель отдела образования, физической культуры и спорта Ким А.П., тренер Берсанов А.Х., представители СМИ. прпрпАким города поблагодарил спортсменов, поинтересовался режимом тренировок, планами на будущее и вручил Почетную грамоту тренеру Берсанову А.Х. за подготовку Чемпиона мира, ценные подарки спортсменам.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы қоңырау – қимас қоштасу сәтiмен ыстық. Аз уақыттан кейін үлкен өмірден өз жолдарын таңдауға ұмтылған оқушылар алаңсыз балалықпен, киелі де қара шаңырақ – мектебімен қоштасады. Біліммен сусындатып, өрге жетелеген, жанына ізгілік құйып, білім нәрін сепкен ұстаздар қолынан мыңдаған оқушылар сапалы білім, саналы тәрбие алып үлкен өмір жолына аттанады. Қала мектептері білімді де білікті, Отанымыздың намысын қорғайтын патриоттар тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосып келеді. Құрметті оқушылар, еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында талмай ізденіп, егеменді еліміздің тізгінін ұстайтын білікті азамат болыңыздар! Құрметті мұғалімдер, «Ұрпақ тағдыры – ұстаздың қолында!», - деген ұлағатты сөзді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы әр сөзінде үнемі айтып отырады. Сондықтан, Сіздердің қолдарыңызға өмірдегі ең қымбат жас ұрпақты - Тәуелсіз еліміздің болашағын үлкен сеніммен тапсырдық. Ұрпақ алдындағы ерен еңбектеріңіз сәтті, жемісті және сапалы болсын! Мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеймін! Қала әкімі Е.Алпысов
![]() прпрпАғымдағы жылы мамырдың 14 мен 20-сы аралығында пәтер иенленушілер корпоративтерінің ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов көшесіндегі №195, Жансүгіров көшесіндегі №102, 112, 116 көп қабатты тұрғын үйлерінде жалпы тұрғындар жиналыстары өтті. Оған «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі мен «104 апаттық газ қызметі» МҚКК-сінің мамандары және «Талдықорған қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС-нің қызметкерлері мен кондоминиум басқару органдары қатысты.
прпрп Жиналыс барысында жиынға қатысушы мамандар баяндама оқып, халықтың тұрғын үйді пайдалану құқығы мен мүмкіндіктерін ашып айтты. прпрп Сондай-ақ, баяндамада әр мекеме өз қызметіне қатысты өзекті мәселелерді тұрғындарға ескертті.
прпрпр Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы
№ 625 қаулысымен «Ағымдағы трансфертерінің қолдану ережесі» бекітілуіне байланысты өнімділікті арттыру және мал шаруашылық өнімділік сапасын көтеру үшін 2012 жылдың Республикалық бюджетінің облыстық бюджет арқылы жүзеге асырылатындығын «Талдықорған ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала ауыл шаруашылық тауарлар өндірушілеріне хабарлайды. прпрпр Осыған байланысты ауыл шаруашылығы бөлімі 2012 жылғы 30 мамырдан 30 маусым аралығында субсидия алушылардың өтінімін қабылдайды 2012 жылдың 19 мамырында өндірушілерге талаптар мен шектеуліктер «Казакстанская правда» газетінде хабарландырылған.
![]() прпрп19 мамыр күні мектептің алаңында салтанатты түрде 2-10 сыныптар оқушыларын «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылау рәсімі өтті.
прпрпБұл өткізілген іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін- өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
ghghgҮстіміздегі жылғы 22 мамырда Талдықорған қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы аясында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Талдықорған қалалық филиалының семинар-кеңесі өтті.
ghghg2012 жылғы 21 мамырда Талдықорған қаласында «Ата - баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында, Республикалық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің 25 жыл толуына және Отбасы күніне орай отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұрпақ өсіріп тәрбиелеудегі әкелердің жауапкершілігін арттыру мақсатында «Әке - шаңырақ иесі» атты қалалық байқау өткізілді.
ghghgБайқауға қала аумағында орналасқан 12 орта мектептен 12 сайыскер қатысты.
прпрп«Таза қала» акциясы аясында 18 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің алаңында «Біз есірткіге қарсымыз, Темекіге жол жоқ!» атты жастар іс-шарасы өткізілді.
Шараны ұйымдастырушылар – Талдықорған қаласының әкімдігі мен Талдықорған қалалық прокуратурасы. Акцияны өткізудегі басты мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу. прпрп2012 жылғы 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Талдықорған қаласы бойынша 3767 маскүнем есепте тұр, оның ішінде 13 жасөспірім мен 5 бала профилактикалық есепте.
|
























